Ареометрлер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өткен параграфта дененің сұйық ішінде жүзуі, оның бетіне қалқып шығуы немесе батып кетуі сұйық пен дене материалы тығыздықтарының арақатысына байланысты екенін анықтаған болатынбыз. Олай болса, дененің сұйыққа бату тереңдігі бойынша дене мен сұйықтың тығыздықтарын салыстыруға болады. Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған қарапайым құрал - ареометрдің әрекеті осы принципке негізделген. Өзіндік ерекше пішіні бар ареометр түбі кішкене металл кесектерімен (2) ауырлатылған шыны құтыдан (1) тұрады. Құтының жоғарғы жағы тығыздықтың градуирленген шкаласы (3) орналасқан жіңішке түтікше пішінді өзекке (1-сурет) жалғасады. Сол түрінде ареометр сұйық ішінде тік қалпында жүзе алады. Ареометр тығыздығын өлшенетін сұйыққа батырған кезде оның шыны құтысы архимед күші ауырлық күшіне теңескенше белгілі бір тереңдікке дейін сұйыққа батады. Сұйық тығыздығы неғұрлым аз болса, соғұрлым ареометр сұйыққа тереңірек батады. Сұйық тығыздығы үлкенірек болса, оған ареометр азырақ батады. Ареометрлер кез келген сұйықтың: майдың, сүттің, керосиннің, бензиннің, т.б. тығыздығын өлшеу үшін қолданылады. Қолдануға ыңғайлы болу үшін ареометрлерді тығыздығы судан аз немесе көп болатын сұйықтардың тығыздықтарын өлшейтін етіп жасайды. Сонымен қатар ареометрлердің көмегімен тұз, қант ерітінділерінің проценттік мөлшерін анықтауға болады. Ондай ареометрлердің шкаласы көлемнің немесе массаның проценттік мөлшері бойынша градуирленеді. Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер - лактометрлер деп аталады. Ондай ареометрлердің көмегімен сүттің сапасын, сондай-ақ оған су қосылғанын немесе қосылмағанын анықтауға болады.<ref>Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Phys-stub