Арақарағай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

АрақарағайҚостанай облысы Алтынсарин ауданының солтүстік-батысында, орманды дала белдемінде орналасқан шоқ қарағайлы орман. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 40 км-ге созылып жатыр. Ені 20 км-ге жуық. Жалпы аумағы 616 км², оның ішінде ағаш өскен аумағы 271 км². 1 га-дан 250 – 350 м3 ағаш алынады. Орналасқан жері жазық құмтасты және сазды келеді. Орманның алаңқай жерлерінде ұсақ көлдердің қазаншұңқырлары, аласа жалдар, белестер бар. Арақарағайдың солтүстік-батыс бөлігінде қарағай, қайың, көктерек өседі, итмұрын, тобылғы бұталары жиі кездеседі.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub