Арамсояу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:TaxoboxАрамсояу (Үлгі:Lang-la) – шырмауықтар тұқымдасы, арамсояулар тұқымдасына жататын бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Хлорофилі жоқ, паразитті түрде тіршілік етеді. Жер шарында тропиктік аймақтардан қоңыржай белдеулерге дейінгі жерлерде өсетін 170-тен аса түрі белгілі. Арамсояу Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Арамсояудың 19 түрі бар. Оның ішінде көп тарағандары – Қаратау арамсояуы (C. Karatavіca), дала арамсояуы (C. campestіs). Бұлардың сабақтары өте жіңішке жіп тәрізді болады, басқа өсімдіктерге шырмалып өседі. Жапырақтары семіп, тек қабыршақ күйінде жетіледі. Ұсақ болып келген, ақ не қызғылт, кейде қызыл не сары гүлдері шатырша немесе шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі қауашақ тәрізді. Бір өсімдікте он мыңдаған майда тұқым жетіледі. Тұқымынан пайда болған өскіннің тамыры топыраққа бекиді. Өну қасиеті бірнеше жыл сақталады. Арамсояу – өте зиянды арамшөп. Ол зақымдаған дақыл, көбінесе тіршілігін жояды. Арамсояудан сақтану үшін егіске гербицид шашады, егетін тұқымды тазалап, дәрілейді.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Арамсояу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}