Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес – Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 адам және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуі алфавит тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>
Сілтемелер
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
<references/>