Аралшық без

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Langerhanssche Insel.jpg
Лангерганс аралшықтары
Аралшық без немесе Лангерганс аралшықтары (Үлгі:Lang-grc; Үлгі:Lang-grc — аралшық, Үлгі:Lang-grc — барлыгы, Үлгі:Lang-grc — ет) — ұйқы безінің гормондар бөлетін ішкі секреция (эндокринді) бөлігі. Аралшық без құрылысы мен қызметі әртүрлі безді жасушалар — инсулощптерден (А, В, D, D , РР) құралған. Аралшықтың орталығында орналасқай В инсулоциттер инсулин гормонын (организмдегі қант алмасуын ретгеуге қатысады, гормон жетіспеген жағдайда қант диабеті ауруы өрбиді), шеткі жағындағы А инсулоциттер глюкагон (инсулинге қарсы әсер етеді) гормондарын бөледі. D инсулоциттер аралшықтардың шеткі жағында орналасқан, сирек кездесетін безді жасушалар. Олардың гормоны А және В инсулоциттердін гормон түзу процесін тежейді. D инсулоциттер тым сирек кездеседі, олардың гормондары қанның қысымын төмендетіп, үйқы безінің сөл бөлу қызметін күшейтеді. РР инсулоциттер гормоны асқазан (қарын) мен үйқы безі сөлінің бөліну белсенділігін арттырады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub