Араби-паша

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Саясаткер Араби-паша, Ахмед (01.04.1842 — 21.09.1911, Үлгі:Lang-ar) - Мысырдың мемлекеттік және әскери қайраткері, Мысырдағы ұлт-азаттық қозғалысының (1879-82) басшысы. Полковник.

Ауқатты шаруа отбасынан шыққан. Каирдағы әскери мектебінде білім алып, полковник шеніне дейін жеткен.

1881 ж. қыркүйекте Каир ганизонның "Мысыр мысырлықтар үшін" деген ұранмен өткен көтерілісін басқарған. Көтеріліс нәтижесінде ұлттық үкімет құрылып, 1882 ж. ақпанда Араби-паша соғыс министрі болып тағайындалды. Сол жылғы шілде-қыркүйекте Мысырға басып кірген ағылшын әскерлеріне арсы күресті басқарды. Ағылшындарды жеңген соң, Араби-паша ұсталып, Цейлон аралына жер аударылды.

Мысырға 1901 ж. мамыр айында оралды. Бірақ, саяси-қоғамдық істерге араласқан жоқ. Араби-пашаның даңқы Мысыр халқына кең тараған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер