Апшерон ярусы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Апшерон ярусы - Кавказ алды аймағы, Шығыс Кавказ, Еділ өңірі, Каспий маңы, Жайық өңірі, Батыс Түрікменстан аумақтарында кеңінен таралған аймақтық ярус.
Лектостратотегі — Баку қаласының маңында, Баилов мүйісінде. Кұмдардан, саздардан, мергельдерден, ізбестастардан, бақалтастардан тұрады. Қалыңдығы 2000 м-ге дейін. Жәндіктер (тіржандар) қалдығын зерттеу нәтижесінде жіктелген.
- Көнелігі соңғы плиоцен;
- плиоценнің және төрттік жүйенің шекаралары төменірек жылжытылуына байланысты ерте-төрттік түзілімдер ретінде де қаралады.
Шығыс Кавказ және Батые Түрікменстан аумақтарында мұнайкіріктіруші қойнауқат болып табылады.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.</ref>
Дереккөздер
<references/>