Аппроксимация
Аппроксимация - жуықтау (Үлгі:Lang-la — жақындау, жуықтау). Кейбір шамалардың өрнегін басқа қарапайым белгілеу шамалары арқылы алу.<ref>Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2</ref> Аппроксималау — бір математикалық шаманың (сандардың, функциялардың т.б.) одан гөрі қарапайым екінші бір математикалық шама арқылы жуықтап өрнектелуі. А. математикалық шаманың сандық сипаттамасы мен сапалық қасиеттерін одан гөрі қарапайым әрі тиімді басқа матем. шамалармен ауыстырып зерттеуге мүмкіндік береді. Мыс., сандар теориясында иррационал сандар рационал сандар арқылы жуықтаумен, сондай-ақ сандық талдауда үздіксіз функциялар көпмүшеліктер арқылы жуықтаумен және интерполярлаумен зерттеледі. Қисық сызықтарды сынық сызықтар арқылы А., сол сияқты бетті, кеңістікті және бейнелеуді А. мәселелері геометрия мен топологияда қарастырылады. Қазіргі математиканың кейбір бөлімдері түгелдей А-ға арналған (мыс., функциялар жуықтауы).
Дереккөздер
<references/>