Аньшань
Аньша́нь (鞍山) — Солтүстік-Шығыс Қытайдың Ляонин проыинциясындағы қала. Халық саны (2010 ж. мәліметі бойынша) 3 645 884 адам.
Мазмұны
Географиясы
Қала Цяньшань таулырының бойында 133 км-ге созылған. Ауданы - 9252 км². Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы - Шэньян қаласының оңтүстігінде - 89 км қашықтықта. Аты әлемге әйгілі ұлттық паркі Qianshan аймақта бар..
Пайдалы қазбалары көп: темір кені, көмір, магнезит , тальк және нефрит бар.
Батыс жағы ауыл шаруашылығы үшін ылайық, 24 840 га егістік жері бар.
Климаты
Аньшаньда ылғал континенттік ауа райы: муссонға байланысты өте ыстық, ылғал жаз және ұзақ, өте суық, құрғақ қыс. Жауын-шашынның жатрысы - маусыммен тамызда түседі.
- қаңтардың орта температурасы - -8,6 ° C (16.5 ° F)
- шілдеде - 25,0 ° C (77.0 ° F)
- орта жылдық ауа температурасы - 9.60 ° C (49.3 ° F).
Орта жылдық салыстырмалы ылғалдық - 58%: наурыз-сәуірде 47%, шылде-тамызда 75%.
Ең төмен ткемпература - -30,4 ° C , ең жоғары 36,9 °
Әкімшілік бөлінуі
Аньшань 4 аудан, 1 қала үйезі, 1 үйез, 1 автономиялық үйезге бөлінеді:
Карта | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
300px | |||||||
# | Статусы | Аты | Қытайша | Пиньинь | Халықы (2003) |
Аумағы (км²) | Тығыздығы (/км²) |
1 | Аудан | Тедун | 铁东区 | Tiědōng Qū | 490 000 | 30 | 16 333 |
2 | Аудан | Теси | 铁西区 | Tiěxī Qū | 290 000 | 34 | 8 529 |
3 | Аудан | Лишань | 立山区 | Lìshān Qū | 420 000 | 55 | 7 636 |
4 | Аудан | Цяньшань | 千山区 | Qiānshān Qū | 260 000 | 503 | 517 |
5 | Қала үйезі | Хайчэн | 海城市 | Hǎichéng Shì | 1 130 000 | 2 732 | 414 |
6 | Үйез | Тайань | 台安县 | Tái'ān Xiàn | 380 000 | 1 393 | 273 |
7 | Сюянь-Маньчжур автономиялық үйез | 岫岩满族 自治县 |
Xiùyán Mǎnzú Zìzhìxiàn |
510 000 | 4 502 | 113 |
Экономикасы
Аньшань - Қытайдың ауыр өнеркәсіп орталығы, "Шойын мен болаттың астанасы" атағына еге болған.
Қалада үш ірі металургиялық комбинаттары жылына 10 млн тонна шойын, 10 млн тонна болат, 9,5 млн тонна проктын өндіреді <ref>Үлгі:Cite book</ref>.
Аньшань пайдалы қазбаға да бай; оңтүстік және оңтүстік-батысында магнезит кені бар, әлемдегі магнезиттің төрттен бірі осында. Аймақта тальк, нефрит т.б. асыл тастар табылған. Ең ірі нефрит тасынан Будда мүсіні жасалған.
Аньшань обслуживается аэропортом Шэньян, около 90 километров (56 миль) к северу, и двумя основными транспортными магистралями, связывающих его с Шэньян и Далянь. [ 1 ]
Білім жүйесі
Қалада екі ірі университет бар:
- Ляонин провинциясының ғылым және техника университеті
- Аньшань педагогикалық университеті
Галерея
- Anshan train station.jpg
Темір жол вокзалы
- Old Anshan Cheng Gate.jpg
Ескі қала
- Qianshan National Park 2, China.jpg
Qianshan Ұлттық паркі
- Jade Buddha Palace in Anshan.jpg
Осы ғибдатхананың ішінде ең үлкен тұтас нефрит тасынан жасалған Будда мүсіні бар.
- Anshan City 2-1-9 Park, Anshan, Liaoning Province, China.jpg
Qianshan Ұлттық парк
- Lake View, Anshan's 2-1-9 Park, Liaoning Province, China.jpg
Qianshan Ұлттық парк
- Tea house restaurant near Anshan.jpg
Tea house restaurant near Anshan 219 Park|"Шәй үйі"
- Anshan City Museum, Anshan, Liaoning Province, China.jpg
Қалалық мұражай
Дереккөздер
<references/>