Анхитерий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Анхитерий (Үлгі:Lang-la) – жылқы тұқымдасының миоцен дәуірінде негізгі тармағынан бөлініп шыққан арғы тектерінің бірі. Анхитерийдің қаңқа қалдықтары Батыс Еуропада, Шығыс Азияда және Солтүстік Америкада табылған. Қазақстанда Павлодар маңындағы Қалқаман ойысында және Ұлы Жыланшық өз-нің жағалауындағы миоцен дәуірінің алғашқы жартысында пайда болған шөгінді қабаттардан табылды. Анхитерийлер суы мол тоғайлы ортада тіршілік еткен. Пішіні қазіргі жылқылардан кіші болған. Жақ тістерінің сыртындағы тік ойыстары терең болғандықтан, тіс қорабы ирек келген. Негізгі жақсы дамыған уақыты миоценнің ортасы, ал осы дәуірдің соңына қарай құрып кеткен. Сол дәуірде тіршілік еткен кейбір мастодонт, мүйізтұмсық, халикотерий, бұғытәрізділер, кемірушілер түрлері де осы Анхитерий фаунасына (жануарлар топтарына) кіреді. <ref> Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том; </ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Анхитерий|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}