Анхель

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Coord Үлгі:Infobox waterfall А́нхель (Үлгі:Lang-es, пемон тіліндеKerepakupai vena, «өте терең жер сарқырамасы») — биіктігі 1054 метр болатын әлемдегі ең биік сарқырама, судың үздіксіз түсу биіктігі 807 метр<ref name="">Үлгі:РП</ref>. 1935 жылы сарқыраманың үстінен ұшып өткен ұшқыш Эйнджел Джеймстың (Үлгі:Lang-en) атымен аталған.

Сарқырама Венесуэланың тропикалық ормандарындағы, Канайма ұлттық саябағында орналасқан. Су венесуелалық ең биік тепуй Ауянтепуи — қазақ тілінде «шайтан тауынан» құлап ағады<ref>Картадағы Ауянтепуи тауы</ref>. Судың құлау биіктігі сонша, жерге жеткенше, су ұсақ бөлшектерге айналып тұман болады. Тұманды бірнеше шақырымнан сезуге болады. Түскен су Кереп өзеніне құйылады<ref>Анхель сарқырамасы</ref>.

Тарихы

Сурет:JimmieAngelPlane.jpg
Джеймс Эйнджел сарқырамаға ұшқан ұшақ

Сарқыраманы Эрнесто Санчес Ла Крус XX ғасырда ашқанымен, ол Джеймс Эйнджелдың ұшқанына дейін кеңінен танымал болмады. 1933 жылы АҚШ ұшқышы Джеймс Эйнжел рудалар іздеу ниетімен сол маңайда ұша бастады. Жергілікті гидтер айтуынша ол алмаз іздеген. Жергілікті тұрғындар сол кезде жиі сипаттамасы алмазға келетін тастар жайлы айтатындықтан Эйнджелдың бұнысы ақылға қонарлық болды. Шындығында бұл жонда кварц көп болатын. 1933 жылдың қарашаның 16 Эйнджел Ауянтепуй деп талатын тепуй байқап қалады. 1937 жылдың қазанның 9 қайта оралып ұшағын Ауянтепуйға қондырмақшы болғанда ұшақтың бір шассиі жарылады.

Нәтижесінде Эйнджел мен жұбайы, барлығы үш адам тепуйдан төмен жаяу түсуіне тура келеді. Олардың өркениетке оралуына 11 күн кетті. Олардың бұл шытырман оқиғасы лезде елге кең тарап сарқырама соның құрметіне — «Анхель сарқырамасы» атанып кетеді (Үлгі:Lang-es). Испан тілінде Э́йнджел (Үлгі:Lang-en) фамилиясы А́нхель деп айтылатындықтан сарқырама дәл солай аталады. Сарқырама аты ағылшындардың angel — „періште“ сөзімен еш байланысы жоқ.

Эйнджелдың «Фламинго» ұшағы сол төбеде тікұшақпен алып кеткенше 33 жыл тұрады. Ұшақ Маракай қаласының авиациалық мұражайында қайта қалпына келтіріліп қаланың Сьюдад-Боливар әуежайының алдында тұр.

1949 жылы Ұлттық географиялық қоғамының (АҚШ) ұйымдастыруымен әлемдегі ең биік сарқымаға экспедиция жасалып оның биіктігі анықталып, кітап басып шығарылады.

1994 жылы ЮНЕСКО Канайма ұлттық саябағын, ал онымен бірге сарқыраманы да Әлемдік мұра тізіміне енгізеді<ref>Венесуэла ЮНЕСКО сайтында</ref>.

2005 жылдың көкек-мамыр айларында 4 ағылшын, 2 венесуелдық пен бір ресейлік альпинистер пен тасқа шығушылар халықаралық экспедициясы алғашқы рет сарқырама керегесіне еркін тәсілмен шықты<ref name="А">Александр Клёнов. Стена водопада Анхель наурыз-сәуір 2005</ref><ref name="АК">Клёнов А. Angeliana на горе Дьявола //Вертикальный мир, 2005, № 49</ref>.

2009 жылы желтоқсанның 20 жыл сайынғы Венесуэла президенті Уго Чавес шоуында, антиимпериализм толқынында, Анхель сарқырамасын Керепакупаи-меру (Kerepakupai-merú), жергілікті есімдердің бірімен атайды. Бастапқыда Чурун-меру (Churún-merú) деген ат ұсынылғанымен Президенттың қызы бүл есім жергілікт басқа кішкене сарқырама солай аталатынын байқап қалыпты, содан дереу Чавес басқа атты ұсынады. Бұл шешімін Президент сарқыраманың Джеймс Эйнджел келмей тұрып Венесуэла меншігі және ұлттық байлығына жатуымен түсіндірген<ref name="B">Чавес переименовал самый большой в мире водопад</ref><ref>Чавес изменил имя самого высокого водопада в мире</ref>.

Туризм

Анхель сарқырамасы Венесуэланың жабайы аймағында орналасқандықтан оған тек әуемен немесе өзенмен жетуге болады<ref name="А" />. Сарқырамаға турлар комплекттермен сатылады, тур Каракастан ұшу немесе Сьюдад-Боливардан Канаймаға (ұлттық саябаққа кіру қонысы), ары қарай сумен жүру, ас пен сарқырамаға баруға өажет басқа да заттарды қамтиды.

Сонымен қатар сарқырамаға шолып қарауға ұшаққа билет алуға да болады, тұмандардан сарқыраманың өзі көрінбей қалуы мүмкін. Құрғақшылық кезде (желтоқсаннан наурызға дейін) сарқырамада су азырақ, бірақ тұманға түсу ықтималдығы аз. Бүкіл саяхат бір тәулікті алады .

Турдың ең арзаны (өзенмен) 2009 жыл тамызына сәйкес — 250$ (билетке Канайма сарқырамаларына бару мен сол саябақта түнеу кіреді).

Сурет:Angel falls panoramic 20080314.jpg
Қоршаған таулары мен сарқырама панорамасы

Сыртқы сілтемелер

<references/>