Антуан де Сент-Экзюпери

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Антуан Мари Жан-Батист Роже де Сент-Экзюпери(фр. Antoine Marie Jean-Baptiste Roger de Saint-Exupéry; 29 маусым, 1900 жыл, Лион, Франция- 31 шілде 1944 жыл) - француз жазушысы, ақыны және кәсіби ұшқышы.

Өмірбаяны

Антуан де Сент-Экзюпери Франциядағы Лион қаласында дүниеге келген. Өте ерте заманнан келе жатқан дворяндық отбасыдан шыққан. Әкесі-Жан де Сент-Экзюпери және анасы- Мари де Фонколомб. Отбасыдағы бес баланың үшіншісі. Төрт жасқа келген кезінде әкесінен айырылады. Сол кезден бастап кішкентай Антуанның тәрбиесімен анасы айналысады. 1912 жылы Антуан Амберье алқабында алғаш рет ұшақпен көкке көтерілді. Ұшақты атақты ұшқыш Габриэль Вроблевски басқарған еді. 1908 жылы Экзюпери Лион қаласында орналасқан ағайынды-христиандардың мектебіне оқуға түседі. Кейін бауыры Франсуамен бірге Мансте орналасқан Сент-Круа колледжінде оқуын 1914 жылға дейін жалғастырады. Кейінірікте өз оқуын Фриберде(Швейцария) жалғастырады. "Эколь Наваль" оқуына түсуге дайындық үстінде болады, алайда конкурс бойынша өте алмай қалады. 1919 жылы архитектура бағытында Академияға жазылады. Экзюпери өміріндегі аса бір толқынды жылға 1921 жыд айналды. Ол жылы ол Францияға әскере шақырылады. Сөйтіп, Экзюпери жоюшы әуә күштерінің 2-ші полкына жазылады. ең басында оны жөңдеу жұмыстарын істейтін топқа жіберед, бірақ кейініректе экзамен тапсырып, өзіңе ұшқыш атағын алады. Оны Мороккоға аударып, онда әскери ұшқыш атағын береді. Біраз уақыттан соң оның ісін шыңдай түсу мақсатында Истрге жібереді.1922 жылы Антуан Авордегі офицерлерге арнлған курстарды тәмамдап, кіші лейтенант атағын алады. Қазан айында 34-ші әуә полкіне баруға бұйрық алады(Бурж, Париж маңы). 1923 жылдың қаңтар айында Антуан алғашқы әуә-апатына ұшырайды. Одан бас сүйек-ми жарақатын алады. Антуан Парижге қоныс аударады. Онда өзің толығымен жазу саласына береді. Алайда, жазушылық оған үлкен табыс алып келе алмады, сол себепті Экзюпери өзің әр түрлі салада көруіне тура келді: автокөлік сатушысы, кітап сататын дүкеннің сатушысы. 1926 жылы ғана Экзюпери өз болмысын тапты ол- "Аэросталь" кмопаниясына ұшқыш болып орнады. Көктемде ол өз жұмысын Тулуза-Касабланка, Касабланка-Дакар бағыты бойынша пошта тасуды бастайды. 1926 жылдың 19 қазанында оны Сахараның ең шеткі бөлігінде орналасқан , Кап-Джуби(Вилья-Бенс қаласы) станциясының бастығы етіп тағайындайды. Дәл осы жерде Экзюпери өзінің алғашқы шығармасы "Оңтүстік пошта" шығармасын жазады. 1929 жылдың наурызында Сент-Экзюпери Франция қайта оралып, онда Брестте орналасқан су флотының жоғарғы әуә курстарына тапсырады. Кейініректе Галлимар жарыққа оның "Оңтүсітк пошта" романың жарыққа шығарады, ал Экзюпери Оңтүстік Африкаға "Аэропост-Аргентина"-ға техникалық директор болып ауысады("Аэропосталь" филиалы). 1930 жылы Сент-Экзюпери Құрмет Легионының кавалері атағын алады. Маусым айында ол іздеу тобымен бірге өзінің досы Гийомені Анды тауында болған апатынан кейін іздеуге қатысады. Осы жылы Антуан қаламынан жаңа туынды " Түнгі ұшу" шығармасы жазылып, ол өзінің болашақ жары Консуэломен танысады.

Соғыс кезінде

1939 жылдың 4 қыркүйегінде Франция Германияға соғыс ашқан соң, Сент-Экзюпери Тулуза-Монтодран әскери аэродромға шақыртылып, 3 қарашада 2/33 барлаушы әуә бөліміне жіберледі.

Өзінің бір хатында Сент-Экзюпери: " Мен бұл соғысқа қатысуға міндеттімін. Мен жақсы көретінімнің барлығы қазір үлкен қауіп-қатерге ұрынып отыр. Прованста, орман алқаптары өртен кезде, барлығы да жай қарап тұрмайды. Олар қолдарына бақыр ала жөңеліп, отты сөңдіруге тырысады. Мен арпалысқым келеді.Мені бұған итермелеп тұрған ішімдегі сенім және махаббат. Мен бұған жай ғана сырттай қарап тұра алмаймын".
Сент-Экзюпери "Блок-174" ұшағында бірнеше рет әуәге көтеріледі. Ол кездегі мақсаты аэрофотобарлау еді. Сол істеген ісі үшін оған кейн " Әскери крест" беріледі.1941 жылдың Францияның жеңілісінен кейін, ол өзінің әпкесінің үйіне қоныс аударады. Шамалы уақыттан соң АҚШ-қа бет бұрады. Нью-Йоркте тұрады. Ол кезде өзінің ең танымал кітбаы " Кішкентай Ханзада" Шығармасын жазады(1942 жыл, 1943 жылы жарық көреді)

Өлімінің себептері

Ұзақ уақыт бойы Сент-Экзюперидің өлімі жайлы ештенке белгісіз болды. 1998 жылы Марсель маңында бір балықшы білезік табады. Ол білезікте

«Antoine», «Consuelo»(жазушының жары) және «c/o Reynal & Hitchcock, 386, 4th Ave. NYC USA»(жазушының кітаптары жарық көретін басылым орталығы)2000 жыдың мамып айында сүңгуір Люк Ванрель , 70-метірлік тереңдікте ұшақтын қалдықтарын тапқаның мәлімдеді.Оның Сент-Экзюперидің басқарған ұшағы болуы жайлы мәлімдеді. Ұшақ сынықтары 400 метрлік қашықтықта шашылған. Сол жылы Франция үкіметі осы қашықтықтағы барлық зерттеу жұмыстарының жасалуына тыйым салды. Рұқсат тек 2003 жылдың күзінде берілді. Мамандар ұшақтың фрагменттерің көтерді. Оның бірі ұшқыштың кабинасының қалдықтары деп белгіледі. Кейінгі зерттеу жұмыстары нәтижесінде ол Экзюпери басқарған барлаушы ұшақтың қалдықтары деген мәлімет болды. Люфтваффе журналы 1944 жылдың 31 шілдесінде болған оқиғалар жайлы ешқандай мағлұмат қалдырмаған. Ұшақта ешқандай ату іздері табылмаған, сол себепті ұзақ уақыт бойы, ұақтың жарамсыздығы т.б пікірлер айтылып келді. 2008 жылғы прессаның мәлімдеуі бойынша 86 жасар неміс ветераны Хорст Рипперт өзінің «Мессершмитт Ме-109» Антуан де Сент-Экзюпери басқарған ұшаққа от ашқаның айттты.

Сыйлықтары

  • 1930 – Фемин сыйлығы – «Түнгі ұшқыш» романы үшін;
  • 1939 – Француз Академиясының Гран-Приі – «Жел, құм және жұлдыздар» романы үшін;
  • 1939 – АҚШ-тың Ұлттық кітап сыйлығы – «Жел, құм және жұлдыздар» романы үшін.

Дереккөздер

Үлгі:Commons category <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}