Антуан де Монкретьен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Антуан де Монкретьен (Үлгі:Lang-fr, 1576-1621 жылдар) – француз драматургі және экономист <ref> http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%BE%D0%BD%D0%BA%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%8C%D0%B5%D0%BD,_%D0%90%D0%BD%D1%82%D1%83%D0%B0%D0%BD_%D0%B4%D0%B5</ref>.

«Саяси экономия» терминін тұңғыш енгізген тұлға. Драматург ретінде француз Қайта өрлеу дәуіріндегі сахналық трагедиялардың негізін салушы болып саналады. Ол 20 жасында «Софонисба» (Sophonisbe, 1596) атты тұңғыш трагедиясын жазып шығады. 1601 жылы «Лакедемонянки» (Les Lacènes), «Давид» (David), «Аман» (Aman), «Шотландық немесе Мария Стюарт» (L’Ecossaise ou Marie Stuart) атты трагедиялар жинағын шығарады. Оның экономикаға деген қызығушылығы Англияға келгенде оянады. 1615 жылы Мария Медичиге арналған «Саяси экономия туралы трактат» (Traite d’economie politique) атты еңбегін жарыққа шығарады.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}