Антропогендік жүктеме

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Антропогендік жүктемеадамдардың және олардың шаруашылығының тұтас табиғатқа немесе оның жеке экологиялық құрамдас бөліктері мен элементтеріне (ландшафтқа, табиғи ресурстарға, тіршілік иелері түріне) тікелей және жанама ықпал әсерінің дәрежесі. Антропогендік жүктемеге экожүйеге кіретін (аңшылық, балық аулау, дәрілік өсімдіктерді жинау, ағаштарды кесу) түр популяциясының ресурстарын пайдалану, мал жаю, рекреациялық әсер ету, ластану (суқоймаға өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауылшаруашылық ағындыларының төгілуі, атмосферадан салынды қатты заттектердің немесе қышқыл жаңбырлардың, т.б. түсуі), т.б. жатады. Егер антропогендік жүктеме жылдан - жылға өзгеріп отырса, онда экожүйе флюктуациясына, ал экожүйеге тұрақты әсер етсе, экологиялық сукцессияға себеп болады. Табиғатты ұтымды пайдалануда антропогендік жүктеме экологиялық нормалау көмегімен экожүйеге қауіпсіз деңгейге дейін реттеліп отырады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Антропогендік жүктеме|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}