Антисептика

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Антисептика. Науқастың органдары мен тканьдеріндегі микробтарға қарсы бағытталған, химиялық, механикалық, физикалық және биологиялық әдістер көмегімен жүргізілетін шаралар жүйесі <ref>Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3</ref>; хирургиялық құралдарды және түрлі жаралардағы микроағзалары құртуға бағытталған кешенді шаралар.<ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Антисептикалық заттар

  1. микробқа қарсы қолданылатын заттар (мыс., бор қышқылы, марганецті қышқыл калий, бриллиантты көк дәрі т.б. ерітінділер). Оларды теріге, кілегей қабыршаққа жағады не жарақаттарды жуады.
  2. Ағашты, пластмассаларды, тоқыма бұйымдарды, былғарыдан жасалатын заттарды, сондай-ақ азық-түлікті микроорганизмдердің бұзуынан қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар (мыс., фенолдар мен олардың туындылары, креозот, бензой қышқылы т.б.). Олар қорғалатын материалдарға сіңіріледі, бетіне жағылады немесе олардың құрамына қосылады.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Medsci-stub