Антигендік қарғу
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Антигендік қарғу (шифт) — вирус антигендерінің өзгеру жолдарының бірі. Вирустардың сыртқы белоктарының гендерінде болған үлкен өзгерістер салдарынан жаңа антигендер түрі пайда болады. Мұндай антигені бар вирустар алғашқы вирустардан түгелдей ерекше болады. <ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
Дереккөздер
<references/>