Антигендердің тәнділігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Антигендердің тәнділігіантигендер ерекшелігі. Антигендерді сипаттайды, олардың ұқастықтары мен ерекшеліктерін көрсетеді. Антигендердің тәнділігі көп факторлармен байланысты. Сондыктан оларды түрлік, топтык, қызметтік, ауытқулық деп бөледі. Тағы бөтен тәнділік, сатылытәнділік және гаптентәнділік деген ұғымдар бар.

Түрлік тәнділік

Бір түрге жататын организмдер антигендерінің үқсастығы. Серологиялық реакцияларда әр түрге жататын тканьдерді бір-бірінен ажырату үшін колданылады.

Топтык тәнділік

Жеке организм тканьдеріне немесе түр ішіндегі олардың тобына тән. Гисто-сәйкестікті зерттеу және серологиялық әдістерді қолдану арқылы анықталады.

Кызметтік тәнділік

Антигендер ұқсастығымен сипатталады. Көптеген жануарларда ұқсас антигендер болады. Мысалы, қан сарысуының және көз жанарының белоктары, ферменттер т. б.

Ауыткулық тәнділік

Ағзалар мен тканьдер зақымдалған жағдайда пайда болатын Т-тің өзгерген түрі. Белгілі бір таксондарда көбіне ортақ антигендер болады. Оны бөтентәнділік дейді, мысалы эритроциттердің Форсман антигені. Ол жылқыда, тауықта, тышқанда, мысықта, қойда, итте болады, ал адамдарда, маймылдарда, егеу-құйрықта, үй қоянында және үйректе болмайды. Эмбриогенездің кейбір сатыларында бұрын болмаған және ересектерде жоқ құрылымдық белоктар пайда болады. Ол сатылытәнділіктің керсеткіші. Кейбір белоктар гаптендермен байланыса отырып, жаца антиген туғызады (гаптентәнділік). Мысалы: кейбір химиялык заттар мен дәрілерге қарсы аллергиялық жауап.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Антигендердің тәнділігі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}