Антеру Таркиниу ди Кентал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Антеру Таркиниу ди Кентал (1842 жыл 18 сәуір, Понта-Делгада (Сан-Висенте), Азор аралдары - 1891 жыл 11 қыркүйек, Понта-Делгада (Сан-Висенте), Азор аралдары, Португалия елі - португал қоғам қайраткері, ақын, сыншы.

Өмірі

Португалиядағы социалистік қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі. Әдеби қызметін 1860 жылы бастады. 1865 жылы жазушы А.Ф.Каштильге жазған ашық хаты, әдеби қауым арасында үлкен пікірсайыс тудырған «Ресми сөздік және әдебиет абыройы» (1865) атты мақаласы португал әдебиетшілері реалистік мектебінің ұранына айналды. Кенталдың алғашқы шығармалары - «Беатриче» поэмасы (1863) , «Романтикалық көктемдер» (1872) т.б. өлеңдер жинақтарында романтизм әсері басым. «Қазіргі одалар» (1865, 1875) т.б. лирикалық кітаптарында реалистік әдіс үстем болды. Ол өмірінің соңғы кезіндегі бірқатар шығармаларында - «Азалы жырлар» (1892) діншілдік пен сарыуайымшылдық сарыны етек алды. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>