Анри-Огюст Барбье

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Анри-Огюст Барбье (Үлгі:Lang-fr, 29 сәуір 1805 жыл, Париж – 13 ақпан 1882 жыл, Ницца) – француз ақыны, драматург, романтикалық мектептің өкілі. <ref> http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%80%D0%B1%D1%8C%D0%B5,_%D0%9E%D0%B3%D1%8E%D1%81%D1%82</ref> «Ямбтар» («Jambes», 1831) атты тұңғыш шыққан өлеңдер жинағымен бүкіл Францияға, тіпті Ресейге танылады. Артынша «Сильвалар » (Silves, 1864), «Сатиралар» (Satires, 1868), «Батырлық жырлар» (Rimes héroiques) атты өлеңдер жинағы жарыққа шығады. «Бенвенуто Челлини» (1838) атты либреттоның авторларының бірі. 1869 жылы Француз Академиясының мүшелігіне қабылданады. Барбьенің поэзиясын Лермонтов өте жоғары бағалаған. Шығармаларын В. Бенедиктов, В. Курочкин, Д. Минаев, С. Дуров, В. Буренин, П. Вейнберг, О. Мандельштам, П. Антокольский, Вс. Рождественскийлер орыс тіліне аударған.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}