Анималистика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Анималистік жанр (лат. anіmat — хайуанат деген сөзінен шыққан) — графикадағы, кескіндемедегі, мүсіндегі жан-жануарлар бейнеленетін мәнер. Алғашқы қауымдық өнердегі жартас кескіндемесінен жануарлар бейнесін байқауға болады. Сақ, скиф дәуірінде аң нақышында жасалған туындылар пайда болған. Алматы маңынан табылған “түйе мүсіншесі”, Маңғыстау өңіріндегі “қойтас”, “қошқартас” ескерткіштері қазақ халқының дәстүрлі өнерінде жан-жануарларды бейнелеу, мүсіндеу ертеден қалыптасқандығын аңғартады. Қазақстан суретшілері А. ж-да елеулі шығармалар берген. Мыс., Ә.Қастеев “Бие сауу” (1936), Ә.Ысмайылов “Дала жайрандары” (1972), С. Айтбаев “Жайлаудағы түйелер” (1976) картиналарын осы жанрға жатқызуға болады.

Сурет:Franz Marc 003.jpg
Франц Марк Көк ат, 1911
da:Dyremaleri

de:Tiermalerei en:Animal painter et:Animalistika fr:Peinture animalière lv:Animālija uk:Анімаліст