Анемометрия

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Pocket Anemometer.jpg
Қалта анемометрі

Анемометрия - желдің жылдамдығы мен бағытын өлшеудің және тіркеудің әдістері, сондай-ақ осы мақсатта қолданылатын анемометр, анемограф сияқты аспаптардың құрылымы туралы ілім.

Анемометрлік барлау'- анемометрлік түсірімдер арқылы жердегі жел режимін зерттеу, сондай-ақ зерттелетін аудандағы әр пункт үшін жел режімінің орташа көрсеткішін алуға мүмкіндік беретін коэффициентті анықтау.

Анемометрлік түсіру - кейбір аумақта уақыттың белгілі бір сәтінде желдің таралуын зерттеу. Қаланың немесе аса тілімденген жердің микроклиматын зерттегенде қолданылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Дереккөздер

<references/>