Андроников

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Андроников (Андроникашвили) Ираюлий (28.9.1908. Петербург- 13.6.1990. Мәскеу)- жазушы, әдебиет зерттеуші, тележүргізуші.<ref>"Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. Петербор университетің бітірген. Өлеңдері 1929 жылы жариялана бастаған.

Өз орындауындағы кейбір сықақ әңгімелерінің ("Варвара Захаровна", 1924; "Немере ағамда қонақта", 1930; "Бірінші рет эстрадада", 1941)ауызша нұсқалары ғана бар. Басылып шыққан шығармалары: "Әңгіме-сөздер" (1935), "Генерал Чанчивадзенін жас жауынгерлермен әңгімесі" (1942), "Лермонтовтын жерлесі" (1952), "Шаляпиннің көмейі" (1959), "Сальвинидің қатесі" (1959) т.б.

А-тын әдеби зерттеулері М.Лермонтовтын өмірбаяны мен творчествасына, мұрағаттық, текстологиялық ізденулерге арналған. Филология ғылымдарының докторы (1956). Ол - публицист, әдеби қазынамызды жинаушы, насихатшы, сыншы, текстолог, көркемсөз оқу шебері (портретист) ретінде де белгілі.

Андроников телеэкран арқылы өзі жүргізген хабарларды мәнерлеп оқуы әрі аудиторияға хабарды жүргізу кезінде бейнеқатарсыз әңгімелеудің асқан шебері болды. Андроников теледидарда "көркемсөзді" оқудың нағыз су шайқалмас жорғасы еді. Оның жан-жақты білімділігі мен мол интеллектуалы, ғажап зиялылығы көрерменнің күні бүгін де есінде. "Лермонтов. Зерттеулер мен нәтижелер" кітабы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді (1967). Андроников 2 орденмен марапатталған. РКФСР-дың еңбек сінірген өнер қайраткері (1959).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}