Андрогамондар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Андрогамондар (андрогамоны); (androgamonum; Үлгі:Lang-el — еркек; Үлгі:Lang-el — гормон тәрізді зат) — ұрықтану процесі кезінде сперматозоидтар бөлетін арнайы зат. Сперматозоидтар екі түрлі андрогамондар бөледі. I андрогамондар сперматозидтардың қимылын тоқтатады, ал II андрогамондарды лизин (еріткіш зат) деп атайды. Лизин табиғаты жағынан гиалуронидаза ферментіне ұқсас , яғни ол жұмыртқа жасушасының сыртқы көпқабатты фолликулалы қабығының фолликулалы жасушалары араларындағы желімдегіш зат — гиалурон қышқылын (мукополисахарид) суйылтып ерітіл, фолликул жасушалары арасымен сперматозоидтардың жұмыртқа жасушасыовоцит цитоплазмасына өтуіне, сөйтіп, ұрықтану процесі нің жүруіне мүмкіндік береді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}