Андре Лео

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Андре Лео (1829 жыл, Лузиньян - 1900 жыл, Париж) - француз қоғам қайраткері, жазушы.

Еңбек жолы

XIX ғасырдың 60 жылдарында әйелдердің азаматтық және саяси құқықтары жолында белсене күресті. 1871 жылғы Париж Коммунасы күндерінде революциялық газеттерде жұмыс істеді, әйелдер ұйымдарына кіріп, баррикадаларда ұрысқа қатысты. Көтерілістен кейін Швейцарияға барып, бакуниншілдердің Интернационалға қарсы күресін жақтады. 1878-1881 жылдары «Слово» орыс журналына мақалалар жазды. 1880 жылы Францияға қайтып оралды. Леоның «Даулы неке», «Ажырасу», «Плишон қаласының екі қызы» атта романдары неке және отбасы мәселесіне арналған. Оның романдарын кезінде Д.И.Писарев өте жоғары бағалаған.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>