Андрей Сергеевич Елагин
Үлгі:Infobox Biography
Андрей Сергеевич Елагин (16 қыркүйек 1920 ж., Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы – 1993 ж., Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1970), профессор (1980).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
ISBN 5-89800-123-9</ref>
Орал педагогикалық институтын бітірген (1941). Алғашқы жылдары оқытушы (1945–50), содан кейін Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих институтында аға ғылыми қызметкер болды.
«Социалистическое строительство в Казахстане в годы гражданской войны (1918–1920 жж.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмысының негізгі бағыты – республика тарихындағы шетелдік әскери интервенция мен Азамат соғысы жылдарындағы кезең мәселелері.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>