Андрей Михайлович Кивилев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Велошабандоз


Андрей Михайлович Кивилев (20 қыркүйек, 1973 Талдықорған12 наурыз, 2003 Франция) — кәсіпқой қазақ велошабандозы. 2003 жылы наурызда Париж - Ницца жарысында құлау салдарынан мерт болды. Журналистер мен жанкүйерлер Андрейді "Киви" деп атайтын. Андрей Кивилевтің өлімінен кейін ғана UCI өздері ұйымдастыратын барлық жарыстарда велоспротшыларға арнайы бас киеім (шлем) киюді міндеттей бастады.

2000 жылдан бастап француз клубы «Cofidis» сапында өнер көрсететін Киви 2001 жылы Тур де Франста сенсация жасап 4-нші орын алады. Осыдан кейін оны Еуропаның көптеген мықты клубтары Андейді өздеріне шақыра бастайды.

2012 жылы Лэнс Армстронг өнер көрсетіп жүрген жылдары допинг пайдаланғандығы дәлелденіп, осы уақытқа дейін қол жеткізген барлық атақтар мен марапаттардан айырылды. Сол себепті жарыста 4-нші орын алған Андрейге 11 жыл өткеннен кейін Тур де Франстың қола медалі бұйырды <ref>Посмертная "бронза"</ref>.

Бүгінгі күні Талдықорғандағы Володарский көшесі Андрей Кивилёв есімімен аталады.

Сурет:Kivi pamyatnik.JPG 390px

Дереккөздер

<references/>