Ана мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Америкадағы Ана мешіті - Құрама Штаттардағы ең ескі, арнайы салынғаң мұсылмандардың құлшылық ететін үйі. АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғыс және Ұлы дағдарыстан шыға алмай жатқанда Седар Рапидс қаласындағы мұсылман әулеттері біріге жұмылып, ұйымдасқан түрде құлшылық ететін орын салуға кіріскен. Мешіттің құрылысы 1934 жылы аяқталды.

Ең алғаш құрылысы біткенде мешіттің сырт көрінісі екі қабатты мектеп ғимараты немесе ауыл шіркеуі сияқты болды. Оның кіреберісіндегі кішкентай жасыл күмбезінен басқа ислам сәулет өнеріне тән ешқандай белгілері болған жоқ. Тек тақтайшадағы ағылшынша және арабша жазылған сөздер ғана құрылыстың мұсылмандардың құлшылық ету үйі екенін білдіріп тұрды. Бірінші қабат тек қана дұға қылу мақсатында қолданылды, ал екінші қабат әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылды.

Өзіндік ерекшелігі бар Америкадағы Ана мешіті тек қана мешіт емес, мәдени және тарихи орталық болып қалды. Мешіт 1996 жылы Ұлттық мәдени орындардың тізіміне енді. Америкадағы Ана мешіті - Құрама Штаттарда салынған алғашқы мұсылман мешіті. Ол Айова штатының тарихи ескерткіштер тізіміне және тарихи орындардың ұлттық тізіміне енгізілген. Шығыс Айова өңірі қазірде 30 түрлі елден келген 700-ден аса мұсылман отбасыларының мекені болып отыр.

Тұрғындардың кейбірі жаңадан келген иммигранттар болса, енді бірі - осында төрт ұрпақтан бері отырғандар. Седар Рапидстегі жаңа мұсылман орталығы 1970 жылы салынып бітті. Бүгінде ол - жергілікті мұсылмандардың құлшылық ететін және әлеуметтік шаралар өткізетін үйі. АҚШ-тың Айова штатында болған жойқын су тасқыны Құрама Штаттардағы ең ескі мешітке зақым келтірді. <ref>Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер