Анатолий Владимирович Бычков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Анатолий Владимирович Бычков (20.7.1929, Павлодар обл. Ақсу қ. -11.12.1997, Алматы) - композитор,Қазақстанның халық артисі (1986).


Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) (Е.Г. Брусиловскийдің класы бойынша) бітірген (1955). 1955 - 1962 ж. Алматы муз. училищесінде, 1962 жылдан Алматы консерваториясында лед. қызметтен (проф., 1982) шұғылданды. 1968 - 1973 ж. Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының тәрағасының орынбасары. Бычковтың "Дала арайы" (1967, Е.Рахмадиев және Г.И. Гризбилмен бірге) операсы, "Сәкен туралы аңыз" симф. поэмасы (1963), "Ақын әні" (1958, сөзі Жамбылдікі), "Соғысәндері" (1967), "Жоқтау" (1975) атты симф. оркестрге арналған вокалдық және хор циклдері, ән-романстары, т.б. муз. шығармалары "Бұл біздің ұлымыз" (1958), "Тыныштық" (1959), "Ана туралы аңыз" (1962), "Ботагөз" (1967), т.б. кинофильмдердің музыкасын жазды.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}