Амфибол-асбест

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Амфибол-асбест - жіңішке берік талшықтарға ажырайтын, амфиболдар тобына жататын минералдардың жинақтама аты. Амфибол-асбесттер хризотил-асбестерге қарағанда қышқыл мен теңіз суына өте төзімді келеді. Өнеркәсіпте олардың басқа қасиеттері — абсорбциялық активтілігі, иірілу қасиеті пайдаланылады. Амфибол-асбесттың беріктігі 900— 1000°с-ка дейін, яғни құрамындағы конституциялық су кеткенше сақталады. Амфибол-асбест ромбылыққа (анто- филлит-а., амозит-а.) және моноклиндікке (крокидолит-а., родусит-а., режикит-а., куммингтәнит-а., тремолит-а., актино- лит-а.) бөлінеді. Осындай қасиеттеріне байланысты а-а. Отқа төзімді маталар, бояулар мен материалдар, сүзгіштер, тежеуші таспалар, асборезиналық бүйымдар өнеркәсібінде қолданылады. Кендері Оралда, Қазақстанда, Канадада, Кипрде белгілі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub