Амт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Амт — Солтүстік Еуропаның кейбір елдеріндегі әкімшілік-аймақтық бірлік. Әдетте амт муниципалитеттен үлкенірек және округтің баламасы болып табылады.

Дания

Сурет:DenmarkNumbered.png
2007 жылдың 1 қаңтарына дейін Данияда 14 амт орналасқан (1 - Копенгаген, 2, 16 - дербес қауымдастықтар).

2007 жылдың 1 қаңтарына дейін Дания 14 амтқа (графтыққа) бөлінген еді, әрбір амттың құрамына бірнеше муниципалитет кірген. Дания және Норвегия Біріккен Корольдігіде амттарға бөлінген.

Муниципалдық реформаларды өткізу нәтижесінде 2007 жылдың 1 қаңтарында Даниядағы амтылар бес ірі аймаққа ауыстырылды. Сонымен қатар, ұсақ муниципалитеттер ірілеу әкімшілік бірліктерге біріктірілді. Осы шаралар нәтижесінде муниципалитеттер саны 271-ден 98-ге дейін қысқартылды.

Норвегия

1662 жылдан 1919 жылға дейін Норвегиядағы округтер амттар деп аталған. Қазіргі кезде олар фюльке (Үлгі:Lang-no) деп аталады.

Германия

Германияда амттарға (к.т. Ämter) бірнеше жерлер ғана бөлінеді: Шлезвиг-Гольштейн, Мекленбург-Алдыңғы Померания, Бранденбург. Басқа федералды жерлер де бұрын амттарға бөлінген еді. Кейбір жерлер Samtgemeinde (Төменгі Саксония), қауымдар бірлестігі (Verbandsgemeinde) (Рейнланд-Пфальц) немесе Verwaltungsgemeinschaft (Баден-Вюртемберг, Бавария, Тюрингия, Саксония-Анхальт) ұқсас әкімшілік бірліктерге бөлінген.