Аморфты зат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аморфты зат (Үлгі:Lang-el — жоқ; Үлгі:Lang-el — пішін, форма; Үлгі:Lang-el — зат) — борпылдақ дәнекер ұлпасы жасушалары мен талшықтарының аралықтарын толтырып тұратын, атқаратын қызметіне сәйкес қоймалжындығы өзгеріп отыратын гел тәрізді іркілдек пішінсіз масса<ref>Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2</ref>. Әртүрлі мүшелердегі борпылдақ дәнекер ұлпасы жасушааралық тірі затындағы негізгі аморфты заттың мөлшері мен химиялық құрамы сол ұлпаның қызметі мен жағдайына байланысты ұдайы өзгеріп отырады. Негізгі аморфты зат — гликозаминдігликандардан, протеиндігликандардан, гликопротеидтерден, судан жөне түрлі бейорганикалық тұздардан тұрады. Бұлардың ішінде аморфты зат қүрамының негізін сульфаттанбаған гликозаминдігликандардың күрделіполимерлі түрі - гиалурон қышқылы құрайды. Бұл қышқылдың ұзын тармақталған полимерлі тізбегі әртүрлі бағытта иіліп, аралықтарында ұяшықтары мен өзектері болатын молекулалық тор жасайды. Осы аталған аморфты зат кеңістіктері арқылы ұлпа сұйығының қатысуымен қан және лимфа капиллярлары мен олардың сыртындағы клеткалар арасындағы зат алмасу процесі үздіксіз жүріп отырады. Аморфты заттың физикалық жағдайы мен атқаратын қызметіне түрлі гормондар (кортикостероидтар және т.б.) мен ферменттер (гиалуронидаза) ықпалын тигізеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}