Аммиакаттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аммиакаттар - тұздар мен аммиактан түзелген комплексті қосылыстар. Мысалы, [Ag(NH3)2]+, [Ni(NH3)4]2+. Аналитикалық химияда комплекс қосылыс құрамындағы элементтерді, металдардың иондарын ашу үшін және оның мөлшерін табу үшін қолданылады.

Алынуы

Аммиакаттар

  • су ертіндіде тұздар амиакпен (NH3) әсер ету арқылы алынады
  • газ түріндегі немесесұйық аммиакпен (NH3) қатты тұздарға әсер ету арқылы алынады.

Мысалы, Cu2+ + 4NH3 → [Cu(NH3)4]2+

Бұл жерде аммиактың судағы ертіндісі алдымен мыстың (II) иондарымен әсерлесіп, нәтижесінде жасыл түсті құбылмалы құрамды негізгі тұздар тұнба болып түседі. Бірақ олар реагенттін көбейгеде оңай еріп кетеді. Сосын көкшіл-күлгін түсті мыстың аммиакты комплексі түзеледі. Cu2+ + 4NH4OH = [Cu(NH3)4]2+ + 4H2O

Химиялық қасиеттер

Амииакаттардың ертінділері тұрақты болады. Тек сары-қоңыр түсті кобальт (ІІ) аммиакаты ауадағы оттегімен бірте-бірте тотығып шие-қызыл түсті кобальт (ІІІ) аммиакатына айналады. Тотықтырғыштардың әсерімен бұл реакция лезде өтеді.

Комплекстардың түзелуі немесе ыдырауы Ле Шатле заңдылығымен диссоциация тепетеңдігінің жылжуымен байланысты. Егер Ag+ және NH3 концентрациясы көбейсе - комплекста түзеледі. Ал егер азайса - комплекс ыдырайды.

[Ag(NH3)2]+ + 2Н+ → Ag+ + 2NH4+,

[Ag(NH3)2]+ үшін Кн = 9.3 ·10-8, ал NH4+ үшін Кн = 6 ·10-10.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998