Аммалистер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Амараллистер тұқымдасына жататын бөлме өсімдігі. Ол табиғатта ОңтүстікАмерикада ғана өседі. Бойының биіктігі 60см,пиязшықты өсімдік. Өсімі тез. Үй жағдайындақаңтар, наурыз айларында гүлдейді. Гүлініңтүсі ақ, қоңырау тәрізді гүлсидамыныңбасында 3-6 данадан орналасады. Егер4-5 түбек эухаристі қатар қойып гүлдетсе,үй ішіндегі гүлзар сияқты болады. Жарық жақсы түсетін жерде немесе ала көлеңкедеде өседі. Гүлденген уақытында топырағын құрғатпай суғарып отыру керек.3-4 жылда бір рет жаңа ыдысқа топырағын ауыстырып отырғызады. Пиязшығын бөлуарқылы көбейтеді. Амариллистер тұқымдасына жататын, отаны –Америка болып табылатын бөлме жәнебақша гүлі. Табиғи 75 түрі, сұрыпталған 2000түрі бар. Елімізде оның 15-20 түрі бөлмегүлі ретінде өсіріледі. Жапырағы қияқсекілді бірден тамырдан шығады. Биіктігі кейде 1м дейін жетеді. Бір пиязшықтың өзі 4-6 данаға дейін гүл жарады. Гүлі ақ,сары,қызыл, күлгін түсті. Пиязшығын топыраққаеккеннен кейін 8 аптадан соң гүлдейбастайды. Күтімі жақсы болса, гүлдеуі 6 айғасозылады. Гүлденген уақытта топырағынқұрғатпай суарып отыру қажет. Жарықжақсы түсетін жерлерде гүлінің түсі қанық, көлемі үлкен болады. Тұқымын себу жәнеқайта отырғызу жұмыстарын жүргізгенкезде балапан пиязшықтарын бөліп алуарқылы көбейтеді.