Амилоза

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Amylose2.svg
Амилоза құрылысы

Амилоза ( Үлгі:Lang-el — крахмал) - крахмал құрамындағы негізгі полисахаридтің бірі. 1-ші және 4-ші көміртек атомдарымен желілі қосылып тізілген глюкоза молекулаларынан тұрады.

Қасиеттері

Молекулалық салмағы 50 000-нан 160 000-ға дейін. Йод әсерінен қара көк түске боялады. Суда ерімейді, себебі Амилозаның молекуласының көлемі су молекуласының көлемінен көп үлкен. Көміртек байланыстарының арқасында су молекулаларын амилоза тартады. Крахмал дәндері жылу суда бөрткенде, Амилоза желім тәрізді (клейстердің) еритін бөлігін құрайды.

Крахмалдағы мөлшері

Көптеген өсімдіктер, мысалы, картоп, жүгері, бидай крахмалында Амилозаның мөлшері 19-24%-дан аспайды, бірақ жүгерінің кейбір гибридтерінде (амиломаис) және "следфаст" деген бұршақ сортында мұның мөлшері 80%-ға дейін, ал күріште 17%, алма крахмалында 100% болады.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998