Америка мемлекеттері ұйымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Geopolitical organization

Сурет:Pan American Union, Washington, DC in 1943.jpg
Вашингтондағы Пан Америкалық ұйымның бас пәтері, 1943 жыл

Америка мемлекеттері ұйымы , 1948 ж. Боготода (Колумбия) құрылған; оған АҚШ, Канада т.б. (барлығы 35) мемл. мүше. Ұйымда Жапония, ГФР, Франция, Ресей, Изариль, Испания, Италия т.б. елдердің тұрақты бақылаушылары тіркелген. Басты мақсаттары: құрлықта бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, мемл-тердің әлеум., мәдени және экон. дамуындағы ынтымақтастыққа ықпал жасау. А. м. ұ-ның жарғысында оған мүше елдердің толық дербестігі, даулы мәселелерді тек бейбіт жолдармен шешу, көрші елдердің ішкі істеріне тура не жанама түрде қол сұқпау т.б. мәселелер көрсетілген. “Америкадағы бейбітшілікке қауіп төнген жағдайда” бірлескен іс-қимылдар жүргізу жөнінде шешім ұйым мүшелерінің көпшілік () дауысы негізінде қабылданады.