Америка дауысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Америка дауысы ("The Voice of America" "Америка үні") — АҚШ үкіметінің шетелдерге радиохабарын тарату ұйымы.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

1942 жылы ұйымдасқан. АҚШ-тың сыртқы саясатын насихаттаушы негізгі органы Информациялық агенттігіне (ЮСИА) қарайды. Оның Ұлыбритания, ГФР, Грекия, Марокко, Либерия, Филиппин және Окинава аралында (Жапония) аса қуатты хабар жүргізу орталықтары бар.

АҚШ-тағы және шетелдердегі 109 хабар тарату орталығынан халықаралық өмірдің сан алуан мәселелері жөнінде жаңалық, түсініктеме, музыкалық және әдеби бағдарламалар бойынша тәулігіне 38 тілде хабар беріп тұрады (1970). Хабар жүргізуге эмигранттар мен қашқындарды жиі қатыстырады. "Америка дауысы" хабарлары америкалық өмір салтын мадақтауға баса назар аударады.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}