Америка баспасөзі, Радио, Теледидары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Америка баспасөзі, Радио, ТеледидарыАҚШ-та жалпы таралымы 60 млн-нан асатын 1749 күнделікті газет, 8136 журнал, бюллетень т.б. ақпараттық құралдардың жиынтығы.(1969). Аса ірі газеттер: "НьюЙорк Таймс" (1851), "НьюЙорк геральд трибюн" (1841), "НьюЙорк дейли ньюс" (1919), "Нью Йорк пост" (1801), "Вашингтон пост энд Тайме геральд" (1877), "Вашингтон дейли ньюс" (1921), "Вашингтон ивнингстар" (1852), "Чикаго санТаймс" (1947), "Чикаго трибюн" (1847), "ЛосАзджелес Тайме" (1881), "СанФранциско кроникл" (1865) т.б.; журналдар: "Форин афферс" (1922), "Лук" (1937), "Сатердей ивнинг поет" (1728), "Ньюсуик" (1933), "Юнайтед Стейтс ньюс энд Уорлд рипорт" (1933), "Ридерс дайджест" (1922), "Тайм'' (1923), "Лайф" (1936) т. б.

АҚШ-та мерзімді баспасөз қуатты баспа концерндерінің, газет трестері мен баспасөз синдикаттарының қолында. Аса ірі баспасөз бірлестіктеріне Люс, Хоре, МакГроу, Скрип псГовард, "КроуэлКоллер паблишинг компани", "Кертис паблишинг компани" концерндері; Маккормик-Паттерсон, Томсон трестері т.б. жатады. Баспасөз органдарын хабармен негізінен Ассошиэйтед Пресс және Юнайтед Пресс Интернэшнл Ақпараттық агенттіктері қамтамасыз етеді. АҚШ-та "Дейли Уорлд" (Америка Компартиясының органы, "Уор кер" газетінің жалғасы, 1924), "Пиплз Уорлд" (1937), "Поли тикал афферс" (1921), "Нью Уорлд ревыо" (1932) сияқты отырады.

Радиохабары. АҚШ-та 1920 жылы жұмыс істейді. Ең ірі радио бірлестіктерінің бірі Ар-Си-Эй (Радио Корпорейшн оф Америка). Шетелдерге хабар беру ісіне АҚШ информациялық агенттігі басшылық етеді. АҚШ және кейбір елдердегі американ радиостанциялары арқылы 43 тілде хабар беріледі.

Телевизиясы. Елдегі барлық телевизия Эй-Би-Си (Америкэн бродкастинг компани), Си-Би-Эс (Коламбиа бродкастинг систем), Эй-Би-Си (Нейшнл бродкастинг компани) компанияларының бақылауында.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}