Американың ақылы Эйч-Би-Оу кабельдік қызметі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Американың ақылы Эйч-Би-Оу кабельдік қызметі - Эйч-Би-Оу Азия аймағына шабуылды 1993 жылы бастады.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Аймақтық штаб-пәтері Сингапурде орналасқан компания "жабық" фильмдер таратуды Гонконг, Тайвань, Филиппин, Индонезия және Малайзияда жүргізді. Бүгінде Эйч-Би-Оу Эйша фильмдерді Таиландта арқылы арнада, ал Сингапурде - кабельді теледидар арқылы көрсетеді.

Сингапур шетелдің телеөнімдерін Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне тарату қақпасы болып табылады. Компанияның өз фильмдерін Азия елдерінің дәстүріне ынғайластырып қайта жасайтын студиясы Сингапурде орналасқан.

Белгі студиядан техникалық орталыққа беріледі де, одан әрі ол индонезиялық "Палапа-В2Р" Жер серігі арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияның 38 млн. отбасына қызмет көрсетеді. "Палапа" атауы жергілікті тропиктік жемістен алынған. Жердегі 40 станция елдің 27 провинциясына қызмет жасайды. Олар 5000 аралдан тұратын архипелагті телебағдарламалармен қамтамасыз етеді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}