Амбулатория

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Амбулатория (лат. ambulatorіus — аяқтай жүріп емделу) — науқас адам келіп-кетіп емделетін және үйден дәрігерлік көмек көрсететін мекеме. Амбулаторияның емханадан айырмашылығы: мұнда жұмыс көлемі, сондай-ақ дәрігер құрамы аз және көбіне ішкі ағза, тіс аурулары емделеді. Амбулаторияның негізгі мақсаттарына өздері келіп, дәрігерлік жәрдем сұраған адамдарға және үйдегі науқастарға нақтылы көмек көрсету, қажет жағдайда дәрігерлік кеңес ұйымдастыру, диспансерлік бақылауды жүзеге асыру, өндірістік мекемелерде медициналық-профилактикалық сауықтыру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттардың себептерін анықтау т.б. жатады.<ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub