Аман Жамелұлы Нұрмақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрмақов Аман Жамелұлы (13 наурыз 1942 жылы туған, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы ] – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1989), профессор (1991).


Ғылыми еңбектері

  • Негізгі ғылыми еңбектері хирургия мәселелеріне арналған. Ол жаңа жергілікті жансыздандырғыш дәріні (ринокаин) тәжірибелік жолмен зерттеп, алғаш рет хирургия саласында қолданды. Өт қуығында тас байлану ауруын анықтау жолдарын ұсынып, оны емдеу тәсілдерін жетілдірді. Нұрмақовтың басшылығымен нашақор адамдарда іріңді жараның даму барысының ерекшеліктері зерттеліп, бірінші болып оларды емдеу үшін адам плацентасын қолданды. Алғаш рет шығыс медицинасындағы тәсілді хирургиялық операциядан соң пайда болатын асқынулардың алдын алуға және оны емдеуге қолданды.
  • Нұрмақов 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы, 3 патенттің және 5 өнертапқыштық ұсыныстардың иегері.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Шығармашылығы

  • Хирургические болезни, А., 2001
  • Өт қуығында тас пайда болу ауруы, А., 2003
  • Хирургиялық аурулардың симптомдары мен синдромдары, А., 2004

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}