Аманқос Ершуов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аманқос Ершуов - 1943 жылы 18 тамызда Атырау облысы, Ембі (Жылыой) ауданы «Коммунизм таңы» совхозында (Ақкиізтоғай ауылы) дүниеге келген. 1966 жылы Гурьев педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген. 19661967 жылдары Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде әдеби-қызметкер болған. 1967 жылдан бастап өз ауылындагы Амангелді орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген. 19701980 жылдары интернат директоры болып қызмет жасаған. Өлеңдері «Жас керуей», «Алтынтау», «Көңілді тоқсан», «Жолдас комсомол», «Революция жырлары», «Өмір өрнегі», «Бір нәзік сәуле», «Сенің өмірің — сиқырлы әлем» жинақтарына енген. Жылыой ауданының Құрметті азаматы. «Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 1994 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағын алған. Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті, Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті жабық конкурсының 2 мәрте лауреаты болған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

  • «Ойсылқара» (1970)
  • «Көкжиегім — келешегім» (1974),
  • Шопан баласы. «Жалын», 1978;
  • «Шырқау» (1978),
  • Жылқышының ұлы.»Жалын», 1983;
  • Алтын босаға. «Жазушы», 1982;
  • Шұғылалы шақтар. «Жазушы», 1988;
  • Пір Бекет пен Жыр Зекет. «Ақ Жайық», 2000;
  • Оғыланды. «Ақ Жайық», 2000;
  • Бабам мен Атамның жолы бақытқа бастаған жол. «Өлке», 2002;
  • Таңдамалы. «Өлке», 2000;
  • Аманқос. «Арыс», 2003;
  • «Махаббат мәңгілік»,
  • «Жаралы жылдар»,
  • «Асалы мен Көкетай» драмалары бар.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}