Аманжол асуы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аманжол асуы – Іле Алатауындағы асу.
Жер бедері
Теңіз деңгейінен 3115 м биіктікте орналасқан. Іле Алатауының солтүстігіндегі Кіші Түрген өзенінің жоғарғы ағысы Аманжол өзен" аңғарымен Асы жайлауын басып өтіп, альпілік шалғын арқылы асуға көтеріледі. Іле Алатауының оңтүстігінен – асу маңынан Шілік өзенінің сол салалары Аманжол, Жіңішке өзендері ағып өтеді. <ref> Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том; </ref>