Амангелді батыр дастаны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Амангелді батыр» дастаны1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістердің ішінде ең көп жырланғаны Торайғырдағы көтеріліс және оның қолбасшысы Амангелді жайлы болды.


Осы бағыттағы туындылардың көлемі жағынан да, көркемділігі тұрғысынан да, көрнектілерінің бірі – Омар Шипиннің «Амангелді батыр» дастаны. Ақынның басты мақсаты Амангелді Имановты және ол бастаған көтерілісші сарбаздардың ерлігін жырлау болған. Ақын о баста «Амангелдің айбаты», «Губернатор келгенде» және Амангелдің әр ұрысы туралы жеке-жеке өлең, толғаулар шығарған. Кейін сол өлең толғауларды құрастырып, жалғастырып дастан етіп жазған.

1942 жылы «Амангелді» деген атпен жеке кітап басылып шыққан. Ал 1961 жылы «Амангелді батыр» деген атаумен «Таңдамалы шығармалар» жинағына енгізілген. Дастанда Амангелдінің батырлық жолы мен көтеріліс кезіндегі ерлік іс-әрекеттері жан-жақты суреттелген.<ref> Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Жазушы» 2011 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}