Амангелді Мырзабек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Амангелді Мырзабек - 1968 жылы 21 тамызда Алматы қаласында туған. Қазақ Ұлттық Уиверситетінің журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолы

1992 жылы «Арыс» қорында, 1997 жылы «Санат» баспасында, Қазақ телерадиосы корпорациясында, 1999 жылдан Алматы қалалық мәдениет және қоғамдық келісім басқармасында жетекші маман, Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейінің аударма бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. «Жұлдыз», «Парасат», «Таңшолпан» журналдарында, «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан», «Өркен», «Алтынорда»,

Еңбектері

«Қазақ әдебиеті» сияқты газеттерде әдебиет, саясат, әлеуметтік мәселелер туралы мақалалары, эсселері жарық көрген.

1999 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Президенті стипендиясының иегері. 2002 жылы әдебиет саласындағы «Сорос — Қазақстан» қорының грантын жеңіп алды. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).

Шығармалары: Ақ жауын. Әдеби сындар. Астана, «Елорда», 2001; Қарлығаш-дәурен. Әдеби-сын, публицистика, эсселер. А., «Қаламгер Тен», 2003.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}