Аманбөктер асуы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аманбөктер – Алматы облысы, Ақсу және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы аудандарының (ҚХР) шекарасындағы асу. Жетісу Алатауы жотасының орталық бөлігінде орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3754 м. Аманбөктер асуынан мамыр – қыркүйек айларында жаяу адам жүре алады. Асудың солтүстік беткейінен Кіші Басқан өзені бастау алады. Биік таудың бөктерінде жер бедерінің альпілік пішіндері мен мұздық белдемдер басып жатыр. Таудың биік көтеріңкі жерлерінде палеозой граниттері бар.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;</ref>