Аманат қою

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аманат қою — дәстүрлі елікті жөнелту салтында орын алған мәйітті уақытша жерлеу жосыны. Көшпелі, жартылай көшпелі дәстүрге орай, жаугершілік кезінде соғыста шейіт болғандарды уақыт тығыздығынан жерлеуге мұрша болмаған жағдайда және өзінің туған жерінен шалғайда қайтыс болған атақты адамдарды аманат ретінде уақытша жерлеу салты болды. Сондай-ақ, күн райының қолайсыздығынан - қарлы бұрқасын, қар басу, тоң ерімеген, аязды, боранды кездерде (қыстағы жіті өтетін амалдарда, жұт кездерде) қайтыс болған адамды жер қойнына тапсыруға мүмкін болмаған жағдайда аманат қойылады. Олай істеу үшін марқұмды «Аманат, аманат, аманат» деп үш рет айтып жерлеп, кейіннен өз жеріне, ата-баба қорымына әкететін болған. Кейін, туған жеріне, рулық зиратқа, қайта жерленеді. Мұндай жағдай қазақ арасында бұрын жиі болып тұрған. Мысалы, Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман Алматы қаласындағы зиратқа аманат қойылып, артынан сүйегі еліне әкелінгені белгілі.

Орталық Қазақстанда таралған аманат жерлеудің бір түрі сөрелеп жерлеу. Қайтыс болған адам туған-туыстарымен бақұлдасқан сәтте қойылатын жерін аманат етіп қалдырса және қыс кезінде қайтыс болса көктемге дейін середе сақтайтын болған. Қыс кезінде Сарыарқа жерінде дүниеден озған төрелер мен билерді Түркістанға жеткізу қиын болғандықтан, оларды биік сөрелерде, былғарыға орап сақтаған.

Аманат жерлеуге ұқсас ғұрыптар қайыра жерлеу, сүйегін әкелу сияқты ғұрыптарда мәйітті жер қойнауына береді.Ертеде орын алған және мұндай жағдайда өлік жөнелтуге байланысты барлық жосын, жоралғылар бірінші жерлеу кезінде атқарылады да, екінші жерлеуде орындалмайды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аманат қою|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}