Аманат көр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аманат көр - кейбір артына сенбегендер зиратын көзі тірісінде салдырады. Зират салушыларға бір-бір белбеу орамал және ақша беріледі. Аманат көрді кейбір өңірлерде тірі бейіт деп те айтады. Ә.Бөкейхановтың зұлмат жылдары атылғанын естіген туыстары Ақтоғайдағы әулеттік қорымға Әлиханның баскиімін аманат көр қазып жерлеген,яғни кейін мәйітті әкелуді меңзеген. Алтайда Қобда бетінде өмір сүрген Рақымбай деген адам Ақкөл ауылында аманат көр қаздырып, жаназа шығартып, қара ешкі сойып көрге салдырып қойған екен.Өзі он сегіз жыл өткен соң қайтыс болған соң аманат көрге жерленген.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аманат көр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}