Амал дәптері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Амал дәптері - дәстүрлі діни түсінік бойынша, адамның бұл дүниедегі істеген жақсы-жаман қылықтары мен істері тіркеліп отыратын «дәптер». Амал дәптергі тіркелген оң немесе теріс істер қиямет күндері тексеріліп, жаман істері жөнінде жанды-жансыздардың куәлік беруі арқылы анықталады. Мысалы, бұ дүниеде он екі мүшесінің бірін ұкыпсыздьқтан, салдыр-салақ қараудан,майып қылып алса, қиямет күні адамның сол мүшесі иесінің жаман қылығына куәлік береді. Адамның жаман-жақсы қылықтарын амал дәптеріне тіркеу о дүниелік болған кезінде, қиямет күніне дейін тоқталмайды.

Қазақтардың амал дәптері жөніндегі наным-сенімдермен байланысты қалыптасқан этикалық норма бойынша, марқұмның тек жақсы қылықтары ғана айтылуы тиіс. Марқұмға бағышталып берілген қырқы, жылы, асы тәрізді қауымдасып өткізетін рәсімде, тек оның жақсы істері сипатталып, оң тілектер айтылады. Себебі, әр адамның жарқын, өнегелі істерін еске алу амал дәптеріне тіркеліп, оның тартатын жазасын жеңілдетеді. Кейде, оғаш қылықтарын айтуға тура келген жағдайда, қара жер хабар бермесін деп «ескертеді», яғнн амал дәптеріне тіркелмесін, қиямет күн куәлікке жүрмеймін деген мәнді аңғартады. Амал дәптері туралы діни түсінік бойынша, бұл дүниеде істеген жақсы істері де, жаман қылықтары да бір кездері алдыңнан шығады деген сенімнің қоғамдағы адамдар арасындағы әр түрлі этикалык-моральдық қатынастарды реттеуде өзіндік орны болды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Амал дәптері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}