Алғашқы қуыстылық
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Алғашқы қуыстылық. Тау жынысының түзілу сәтімен орайлас қалыптасатын кеуектілік яки қуыстылық. Бұл қуыстылыққа жататындар:
- тау жынысын құрайтын түйіршіктер мен бөлшектер аралығындағы қуыстар;
- қабатталу жазықтықтарының аралығы;
- кейбір атқылама жыныстардағы көпіршіктер орны мен кеуектер.
Синонимі — синтектік қуыстық.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.</ref>
Дереккөздер
<references/>