Алғашқы қауымдық мәдениет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алғашқы қауымдық мәдениет - тарихи-мәдени типология бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Көне, ежелгі, архаикалық мәдениеттер ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Антропология ілімінде кейінгі палеолит дәуірінде (30 - 40 мың жыл бұрын) "нағыз адам" пайда болуымен, қару-жарақтар мен қарапайым еңбек құралдарын қолдана бастауымен және экзагамияның нәтижесінде отбасы және рулық қауымның қалыптасуымен, діннің, өнердің, рәміздік салт-дәстүрдің алғашқы нышандары өріс алуымен түсіндіріледі. Ауызекі тіл қарымқатынастық, сабақтастық функцияларын атқара бастайды. Осының негізінде мифтік сана пайда болды. Алғашқы қауымдық мәдениет адамдық қарым-қатынастарды реттеудің дәстүрлік жүйесін қалыптастырады. Еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, магиялық, тотемдік, аниматикалық, фетишистік сенім-нанымдардың алдымен политеистік, кейін монотеистік діндерге ауысуы, жазбаша тілдің, қалалардың, колөнердің пайда болуы Алғашқы қауымдық мәдениеттен ежелгі өркениеттерге өту мүмкіндігін туғызды. Алғашқы қауымдық мәдениет қазіргі өркениетті халықтардың "архетиптік жадында" сақталып қалған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}